Мегаполисте бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның бірі өнерпаздар арасында алғаш рет үлкен футболдан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Облыс жастарынан жасақталған екі команда тартысты ойын өткізіп, көрермендерге үлкен шоу сыйлады.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен қала жастарының арасында «Жеңімпаз бол» тақырыбында үлкен футболдан жолдастық кездесу ойыны өтті. Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, уақытын тиімді ұйымдастыру және жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау болып табылады.
«Жеңімпаз бол» атты футбол спорт түрінен жолдастық ойынға қаламыздың әншілері, актерлары, жайдарманшылар, өнерпаздары мен белсенді жастардан 2 команда жасақталды.
Айта кетейік, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар одан әрі өз жалғасын табатын болады.