Шымкентте сәт сайын саябақтар ашылып, қаланың көркеюі мен тұрғындардың игілігі үшін түрлі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі өткен жылы екі елдің ынтымақтастығы мен бірлігін нығайту мақсатында Еңбекші ауданындағы демалыс орындардың бірі «Қазақстан-Түркия достастығы саябағы» деп аталып, абаттандырылған болатын. Ол қазір серуендеушілердің сүйікті аумағына айналып үлгерді. Қала тұрғындары мен қонақтардың өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында концерттік іс-шара ұйымдастырылды.
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Еңбекші ауданы «Қазақстан-Түркия достастығы» саябағында «Shymkent–Talants show» кеші өтті. Іс-шара қала жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және шығармашылықтарын шыңдау, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Ашық аспан астында өткен іс-шарада қала тұрғындары мен жастары музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрлі көңілді әндер шырқап, би биледі. Сондай-ақ, көңілді кеште ауданның белсенді жастары өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алып, тұрғындарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді өткізу мақсатында түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табады.