ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Руслан Берденов Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді. Жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерді аралап, халықпен кездесу өткізді. Кездесуде не айтылды? Халықтың қандай мәселесіне құлақ асты? Толығырақ әріптесім тарқатсын
Депутаттың сөзінше, лудомания – еліміздегі ең үлкен мәселелердің бірі, бұны қаншама хаттар және халықпен кездесулер растай түседі. Өкінішке қарай, дүниежүзі бойынша лудоманияға байланысты Қазақстан ең белсенділердің қатарында тұр.
«157 мың құқық бұзушылықтың 31 мыңы құмар ойындары кесірінен жасалған. Ал ажырасудың 40 пайызы лудоманиядан болған. Өз-өзіне қол жұмсаудың басты себебі — асыра үлкен қарыз және несие. Прокуратурадан алынған ресми мәлімет бойынша былтыр 3 676 суицидтің әрбір бесіншісі құмар ойындарына қатысты болған. Бірақ біз ішкі істер министрлігімен де сөйлестік, көрсеткіш 50 пайызға дейін барады», деді Руслан Берденов.
«Еліміздің тірегі – жастар», «Болашақ – жастардың қолында» деп ұрандатып жатамыз. Жастардың бір бөлігі бүгінгі студенттер емес пе?! Ал бүгінгі студенттің басты мақсаты – сапалы білім алу. Ата-ананың басты арманы баласының білімді, білікті азамат атануы. Cтуденттің алаңсыз білім алуы үшін оның жататын орынмен, яғни жатақханамен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Бұл мәселе Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттерін де алаңдатуда.