Шымкентің бюджеті тағы 30 млрдқа ұлғаяды. Республикалық бюджеттен қаралған сома оның ішінде 8 елді-мекенді кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге 4,3 млрд теңге, полиция қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне 1,2 млрд теңге, ауылшаруашылық өнімдерін субсидиялауға қосымша 636 млн теңге, әлеуметтік осал топтарға 636 пәтер сатып алуғам 3,4 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Шаһардың шырайын келтіретін инженерлік инфрақұрылымдық жөндеудің құрылысына 2,4 млрд, сумен жабдықтау жүйесіне 340 млн, көлік инфрақұрылымын дамытуға 3,9 млрд бөлу жоспарланып отыр. Бюджеттің 17 млрд теңгесі өзіндік кірістердің жоспарын ұлғайтуға жұмсалады екен. Жалпы қала бюджеті алдағы уақытта бүгінгі таңдағы 735 млрдтан 764 млрд теңгеге артатын болады. Жиынға қатысушылар
атқарылатын жұмыстардың жоспарын талқылады. Жыл басынан бері үшінші мегополисте тындырымды істер жетерлік. Ауыз су, қаланың ішкі және сыртқы жолдары, жарықтандыру, жұмыссыздық, мектеп салу сынды ауқымды мәселелер кезең-кезеңімен атқарылуда.
Снх: