Ерке Есілдің жағасында еңсесін көтерген елорда биыл 26 жылдығын атап өтуде. Әлемдегі ең жас қала атанған Астана бүгінде әлемді сұлулығымен тамсандырып үлгерді. Тәуелсіздік көрінісінің нышанына айналған ару қала күнін еліміздің барлық өңірі тойлауда. Ал, мегаполистегі мерекелік іс-шара жастардың серуен аймағы «Арбат» алаңында өтті.
Астана қаласы аз уақыттың ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына айналды. Қазіргі жас буындар мен өзге өңірлік тұрғындар үшін мәртебесін арттыру мақсатында Шымкентте «Жайна, ару — Астана!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Жергілікті өнерпаздар қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шарада «Шымкент концерт» ұйымының өнерпаздары барша Қазақ елін мерекемен құттықтап, концерттік бағдарлама ұсынды. Онда патриоттық әндер айтылып, көпшілікке бейнеролик арқылы ару қаланың керемет көрінісі көрсетілді.
Айта кетейік, Астана күніне арналған мерекелік іс-шара еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылды.