Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімінде Түркістан облысы, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбеков Сәтпай Нұрлыбайұлы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Түлкібас ауданының Құрметті азаматы, Түлкібас аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Анашев Қалаубек Анашұлы жас мамандармен кездесіп мемлекеттің болашағы ұлттық құндылығы тақырыбында баяндама жасады.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жас қызметкерлеріне Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің даму жетістіктерін Елорданың мерекесіне орай мемлекетіміздің құрылуы мен дамуы аралығында қаншама қиындықтардан өтіп экономиканы көтеру жолындағы атқарылған жұмыстарды айтып өтті.Тәуелсіздік оңай келген жоқ.Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы, қиыншылықтар, төгілген қан мен тер еңбек арқасында, Тәуелсіздік — еліміздің баға жетпес байлығы.
Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды оған куә біздер болашақ жас мамандар сіздер деп қортындылады.
Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б. Азимбаев ауданымыздың қоғам қайраткерлеріне жас ұрпақты тәрбиелеуде патриотық сезімдерін қалыптастыру мақсатындағы баяндамасына үлкен көңіл бөліп бөлім атынан алғысын жеткізді.