• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА СЕП

04.07.2024
0

Бауырлас қалалар Шымкент пен Худжандтың арасындағы байланыс – экономикалық көрсеткішті жақсартып келеді. Жақында, 17-19 маусым күндері Тәжікстан Республикасының Худжанд қаласында «Сугд-2024» Х Халықаралық сауда жәрмеңкесі өтті. Оған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асылов бастаған делегация қатысып қайтты. Іс-шара аясында Қазақстанның Тәжікістандағы елшісі У.Әмірханұлы қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Жұмабекұлы, Соғды облысының төрағасы Раджаббой Ахмадзодамен және Худжанд қаласының төрағасы Ш.Фирдавспен келіссөз жүргізді. Келіссөз барысында Шымкент пен Худжанд қалалары арасындағы ынтымақтастықты арттыру, экономиканың түрлі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар «Сауда-инвестициялық мүмкіндіктер және ынтымақтастықтың әлеуеті» тақырыбымен өткен бизнес-форумына қатысқан делегация үшінші мегаполистің инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективаларын Өзбекстан Республикасының Ташкент, Наманған, Ферғана, Самарқан, Бұқара, Сырдария облыстарының әкімдеріне, Әзірбайжан Респуликасының Гянджа қаласының мэріне, Ресей Федерациясының Нижегород, Мәскеу, Свердловск, Пенза, Липец, Челябинск, Воронеж облыстарының губернаторларына және Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының басшысы мен халықаралық қаржы ұйымдарына таныстырды.

Халықаралық сауда-жәрмеңкесіне шаһардан барған делегацияның қатарында кілем бұйымдарын шығаратын «Бал Текстиль» тоқыма кәсіпорны, аяқ киім шығарумен айналысатын «Lux Shoes» фабрикасы, «GraMaD retail», «Маркет» сауда желілері және «Колесников» көкөніс өндірісі өнімдері ұсынылды. Аталған кәсіпорындар еліміздегі нарықта өз орнын алған, тауарлары сұранысқа ие, отандық өнімдер.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша бизнес-делегация өзге елдерден келген әріптестерімен 5 коммерциялық құжатқа және жалпы сомасы 400 мың АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойды. Халықтың табысын арттыру үшін салынған өндіріс орындары қала экономикасын жақсартып, халықаралық туризмді дамытуда. Осы сапар аясында жасалған келіссөздер негізінде екі елдің арасындағы тауар айналымы ұлғайып, ол өз кезегінде сұраныстың артуына, жұмыс орындарының көбеюіне алып келеді. Мәселен, Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласында 180-ге жуық кәсіпорын жұмыс істесе, оның 45 пайызы тоқыма фабрикаларының үлесінде. Соңғы 4 жылдықта бұл саланың инвестиция көлемі артқан. Қазіргі таңда «Бал текстиль» тоқыма фабрикасының өнімі алыс-жақын шетелге танымал. Қазақстандағы бірегей кілем өндіруші «Бал Текстиль» фабрикасының өнімдері экспортқа BAL CARPET брендімен шығып жатыр. Өткен жылы кәсіпорын тарапынан Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдеріне 5 млрд теңгеден астаны қаржыға өнім экспортталған. Сауда туризмін дамытуға жол ашатын кездесуде жаңа бастамалар талқыланып, сала өкілдерінің тәжірибе алмасуына, іскерлік байланыстарды орнатуына мүмкіндік берді. Бауырлас қала Худжандтағы кездесу, жауапты сала басшыларының келісімі Шымкенттегі өндіріс орындарының өсімі мен көлемін ұлғайтуға сеп болмақ. Яғни, бұл іс-шаралар мегаполистің ынтымақтастықты арттырып, шет мемлекеттермен экономикалық байланыстарды дамытуға ұмтылысын көрсетеді. Іс-шара халықаралық байланыстарды нығайтуда Шымкент пен Худжанд арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды қадам болып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.