• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Мамыр 3, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЛА КҮНІ ЖАҢА КОНГРЕСС-ХОЛЛДА ТОЙЛАНДЫ

04.07.2024
0

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығымен Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызылған болатын. 2019 жылдан бастап шымкенттіктер 19 маусымда «Қала күнін» тойлап келеді. Биыл мерейлі датаны қала халқы мәдениет ордасы – «Tulip Hall» конгресс холл ғимаратында атап өтті. Ел игілігіне берілген жаңа ,имаратитағы салтанатты шараға  қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихаттың төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Салтанатты іс-шарада қала әкімі мерекемен құттықтады.

-Шырайлы шаһарымыздың бүгінгі шуақты мерекесі — қала күні құтты болсын. 2200 жылдық тарихы бар қаламыз даму шежіресін алтын әріптермен жазып келеді. Қаламыздың келбеті жылдан-жылға ажарланып, экономикасы өрлеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Жаңа идеялар мен жоспарлар, ауқымды инвестиция миллионды қаланың дамуына жаңа серпін берді. Игіліктің барлығы — сіз бен біздің ортақ еңбегіміз. Өз еңбегімен, күшімен және талантымен қаламыздың дамуы мен әл-ауқатына өлшеусіз үлес қосқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, амандық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! — деді Ғабит Әбдімәжитұлы.

Мегаполис мәртебесін алған 6 жылда қаланың экономикалық әлеуеті артып, барлық салада даму көрсеткіші өсіп келеді. Түрлі өндіріс орындары бой көтеріп, инвестициялық көрсеткіші өскен. Жиында қала әкімі Ғ.Сыздықбеков пен қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов қаланың дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Шымкент қаласының “Құрметті азаматы” атағымен марапаттады. Олардың қатарында Орынбай Рахманбердиев, Досыбай Шерімқұлов, Баян Жандосова, Асма Қалыбекова, Өркен Әбдіреев, Момбек Әбдәкімұлы, Серікбай Онбаев сынды белгілі азаматтар бар.

Жаңа нысанның ашылу салтанатында көпшілік «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрмені тамашалады. Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреты Талғат Күзембаев, қалалық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор ұжымы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары мен «Қаған» вокалдық-аспаптық, «Қазына» ансамбльдері және заманауи бишілер тобы өнер көрсетті. Әлемдік және отандық классикалық музыка қорынан, сондай-ақ отандық композиторлар Е.Хасанғалиев, Е. Шакеев, Е.Серікбаев, Қ. Сапарбаевтың үздік туындыларынан әуезді әндер шырқалды.

Заман талабына сай тұрғызылған ғимарат – туризмді түлетуге сеп болмақ. Бүгінде туризм тек тарихи, табиғаты таңғажайып орындарда ғана емес, жаһандану тенденцияларына орайластырылған кез келген жерде ерекше маңызға ие болып келеді. Сондықтан, жаңа ғимарат дипломатиялық тұрғыда өтетін форумдар, іскерлік жиындар, конференциялар, жәрмеңкелер мен көрмелер секілді арнайы шаралар арқылы конгрестік туризмді дамытады. Ірі халықаралық, республикалық жиындар іскерлік туризмді дамытып,  қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда көркеюіне үлес қосары анық. Жаңа үлгідегі жаңа нысан сондай-ақ, саяхатшыларды әсемдігімен де баурап алады. Құрылысы ерекше, сәулеті көз тартатын мәдени кешеннің жалпы аумағы 5,24 гектар. Нысанның жобасы 2021 жылы бекітіліп, құрылыс жұмысы 2023 жылы басталған болатын. Ал, ғимараттың ауданы – 17 964 шаршы метр. Үш қабатты ғимараттағы концерт залының сыйымдылығы – 2066 орын. Сондай-ақ, 190 орындық конференция залы бар. Мердігер «BI Global» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қала күніне орай пайдалануға тапсырды.                                              Екі мың жылдан асатын көне Шымкенттің туризмнің сан саласы бойынша өзіндік орны бар. Сол тізімді толықтырған жана конгресс-холл ғимараты шаһардың экономикасы мен тұрмыс-тіршілігінің одан әрі жақсартуына үлес қосары анық.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.