Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында заңсыз салынған кәсіпкерлік нысан бұзылды. Сот шешіміне сәйкес, жер телімі құрылыс салуға берілмегені анықталған. Қалалық Әділет департаменті мен қалалық әкімшіліктің қатысуымен меншік иесі құрылыс нысанды өз еркімен бұзып аламын деп мәлімдеді.
Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандарымен Әл-Фараби ауданы, Бауыржан Момышұлы көшесінің бойында орналасқан “Global coffee” кофе-бар нысаны бойынша Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысы негізінде жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 319-бабы бойынша кінәлі деп танылып, заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзылсын деген қаулы қабылданған. Жеке тұлғаға бұзушылықтарды жоюға нұсқама беріліп, әкімшілік шара қабылданды.
Негізінен бұл нысанның заңсыз соғылғаны, тұрғындардың басқармаға арыз-шағымының түсірген сәтінен бастап белгілі болған. Басқарма қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізіп, сотқа талап-арыз жолданған. Нәтижесінде, соттың қаулысымен нысан заңсыз деп танылды.
Айта кетейік,2023 жылы 8-ге жуық заңсыз салынған құрылыс нысандары соттың шешімімен бұзылған.