Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханысы ұжымының ұйымдастыруымен 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай ақпарат саласының өкілдерімен “Журналистер-жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы” атты кездесу кеші өтті.
Мерекелік кешке сарбаздар мен студенттер қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Шара барысында филология ғылымдарының кандидаты, кітапхананың директоры Анар Жаппарқұлова БАҚ қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, кітапхананың күнделікті тыныс-тіршілігін, бірегей кітап қорын және мәдени-көпшілік іс-шараларын насихаттауға қосып жатқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіріп, келген қонақтарға сый-сияпат табыс етті.
ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ
Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...










