ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тұрғын үйлерін қалпына келтіру барысы туралы хабардар етуді жалғастыруда.
Атбасар қ. 165 зардап шеккен отбасыға үш көпқабатты тұрғын үй салынуда. Бүгінде екі үйде абаттандыру және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Одан бөлек, 38 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Сондай-ақ, Атбасар ауданындағы 172 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үй құрылысының барысын gov.kz бірыңғай платформасы арқылы бақылай алуға болады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының деректері бойынша Ақмола облысында 1 265 нысанға техникалық зерттеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша келесі шаралар жоспарланған:
— 331 тұрғын үйді салу, оның 273-інің құрылысы басталды;
— 220 тұрғын үйді сатып алу, оның 185-і алынды;
— 714 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Жұмыстар инфрақұрылымды тез қалпына келтіру және тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде.