Шымкенттік тұрғындар Түркия елінде тегін ем қабылдауы үшін жаңа жоба қарастырылуда. Бұл туралы «Студенттік емхана» бас дәрігерінің орынбасары айтты. Шаһарға ақ халатты абзал жандардың тәжірибесін арттыру мақсатында Түркия елінен профессорлар келді. Анталиядағы әлемдік стандарттарға сай «Мемориял» клиникасының мамандары студенттік емханада болып, қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетті.
Мегаполис дәрігерлері шет елдік мамандармен тәжірибе алмасты. Түркия елінің білікті 3 профессоры қаламыздағы студенттік емханада, қала тұрғындарына тегін қызмет көрсетті. Олар гемотолог, онколог, педиатр, травмотолог-ортопед қызметтері бойынша көмек көрсетеді. Шет елден келген мамандар 25-27 маусымға жоспарланған іс-шарада мүмкіндігінше барлық қала тұрғындарына кеңес беруге ниетті.
Тәжірибелі мамандардан кеңес алуға келген қала тұрғындарының қарасы көп. Іс-сапардың екінші күні 58 адам Түркия мамандарының көмегіне жүгінген.
Студенттік емхана бас дәрігері орынбасары Жандос Болатұлының айтуынша бүгінгі таңда қаралған науқастарды мүмкіндігінше Түркия еліне тегін ем қабылдауы үшін жоба дайындалуда. Дәрігерлердің айтуынша шет елге барып емделетін шығын Еуропадағы ем-дом шараларына арналған қайырымдылық қоры есебінен болмақ!