Шымкентте кәсіби боксшылар жекпе-жек алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз түйістірді. «IRFIN PROMOTIONS» промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отырған турнир аясында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытайдан келген спортшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді. Басты іс-шарада жеңілмеген қазақстандық, Түркістанның тумасы Нұрдос Төлебай шаршы алаңда бақ сынайды. Оның қарсыласы Тайландтың қазіргі чемпионы Анусон Зонлюанг. Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіби алаңда 11 кездесу өткізіп, барлығында басым түскен. Бұдан бөлек, «Көрме» орталығында өтетін бокс кешінде тағы 7 қазақстандық алыс және жақын шет елдердің тәжірибелі қарсыластарымен кездеседі.
БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ АШЫЛДЫ
Қала тұрғындары көптеп күткен жолайрық ашылды. Бәйдібек би даңғылы мен Төлеметов көшесінің қиылысындағы жаңа жолайырықтың техникалық ашылуы өтті. Жаңа нысан...











