Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда еңбекке жарамды 10 млн халық бар. Оның 8 млн-нан астамында қарыз бар екен. Ал, несиесін төлей алмай жүргендер 1 жарым млн-нан асып жығылады. Мамандардың айтуынша қарызға белшеден бату табыстың төмендігінен, қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан!
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл жоба өткен жылы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «AMANAT» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасын пилоттық негізде жүзеге асырылған. Өз тиімділігін көрсеткен соң биыл барлық өңірлерде өткізу қолға алынып, мегаполисте 5-ші ақпаннан бастап іске асырылуда. Оған 4 білікті қаржы сарапшысы жұмылдырылған. Дәріс 5 күнге жалғасады, қызығушылық танытқан кез келген адам қатыса алады!
Қазақстан бойынша еңбекке жарамды, табысы бар адамдардың 95%-ы несие көмегіне жүгінген. Оны төмендету мақсатында өткізіліп жатқан жоба тұрғындарға айлық табысты қалай жұмсау керек? Қарыздан құтылу және кәсіп ашу жолында кеңестер беріп, оңай жолдарын көрсетеді.
Айта кетейік, 4 айдан астам уақыт ішінде қала тұрғындарынан 5200 адам қаржылық сауаттылығын арттырып, сертификат алған. Жылдың соңына дейін 11 мың адамға көмек көрсету жоспарланған.