• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қазан 5, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАРТАП ЖОБА БҰҰ ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІГІ РЕТІНДЕ ТАНЫЛДЫ

07.06.2024
0

Білім беру технологиясы саласындағы жетекші стартап CodiPlay БҰҰ Бас хатшылығының  қолдауына ие Digital Public Goods Alliance (DPGA)* компаниясының цифрлық қоғамдық игілігі (DPG) мәртебесіне ие болды. Codiplay осындай деңгейдегі мәртебеге ие болған Қазақстандық үшінші компания және бұл жетістік компанияның жаһандық білім беру практикасына қосқан маңызды үлесін көрсетеді.

DPG мәртебесі БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) негізге алатын, құпиялылық туралы заңдарды сақтайтын, ашықтық пен қол жетімділіктің қатаң стандарттарына сәйкес келетін жобаларға беріледі. CodiPlay-ді DPG ретінде тану оның IT сауаттылықты әр балаға орналасқан жеріне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан қолжетімді ету арқылы білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыздандырудағы рөлін көрсетеді.

CodiPlay стартапы – жаһандық экспансияға арналған перспективті қазақстандық EdTech стартаптарының бірі. Бұл стартап Astana Hub акселерация бағдарламасының түлегі және 2021 жылы олар Seed Money бағдарламасы аясында технопарктен қаржы алды.

CodiPlay бүкіл әлем бойынша балалар арасында IT сауаттылықты арттыруға арналған кешенді шешім ұсынады. Codiplay қосымшасы қызықты мобильді ойындар арқылы Scratch, C++, және Python тілдерінде бағдарламалауды үйренуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компанияның интернет заттары (IoT) жобаларын құруға арналған CodiKit жиынтықтары да бар. Сандық қоғамдық игілік ретінде танылған CodiTeach веб-платформасы мұғалімдерге оқу бағдарламаларын ұйымдастыруға арналған құралдарды да ұсынады.

CodiPlay негізін қалаушы және СЕО Жанәділ Талдыбаев: «БҰҰ-дан цифрлық қоғамдық игілік мәртебесін алу біздің компаниямыздың дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Ұзақ процеске қарамастан, біз әрқашан IT сауаттылықты барлығына қолжетімді ету деген негізгі миссиямызды ұстандық. Бұл мәртебе біздің әлемдік аренадағы ұстанымымызды нығайтып қана қоймай, БҰҰ-ның барлығына сапалы білім беру жөніндегі жаһандық мақсатына қол жеткізуге ықпал етеді. Біз NURIS орталығына осы жетістікке жету жолындағы олардың қолдауы мен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.»

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі

Digital Public Goods Alliance — БҰҰ Бас хатшылығы қолдайтын көпжақты бастама. DPGA цифрлық қоғамдық тауарларды ашуға, дамытуға, пайдалануға және инвестициялауға ықпал ете отырып, табысы төмен және орташа елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді жеделдету үшін жұмыс жасайды. Бұл жобалар ашық бағдарламалық жасақтама, ашық деректер, ашық жасанды интеллект модельдері, ашық стандарттар және құпиялылық принциптері мен басқа да қолданыстағы заңдарды сақтайтын ашық мазмұн ретінде сипатталады.

Codiplay смартфон арқылы бағдарламалауды үйретуді мақсат ететін жүйе. CodiPlay жүйесін үш негізгі компонент құрайды: C++, Scratch және Python бағдарламалау тілдерін аркада ойындары арқылы үйрететін CodiPlay қосымшасы, IoT жобаларын құруға арналған CodiKit робототехника жиынтығы және оқытушыларды қолдауға арналған CodiTeach веб-платформасы. Бүгінгі таңда жүйеге Қазақстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Катар, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Әзірбайжан және Индонезия мектептері қосылған.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР ДОДАСЫ

Айғақ медиа
03.10.2026
0

Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел...

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

СОТ ІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте қазақ тілінде жүргізілетін сот процесінің үлесі 86 пайызға жеткен. Жыл басынан бері сотқа 708 қылмыстық іс тіркелсе, оның 610-ы...

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

ҚОҚЫС ТӨККЕН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте заңсыз қоқыс тастаған жүргізуші дрон арқылы анықталды. Қаланың белгіленбеген аумағына қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісіне қатысты тиісті шара қолданылып, көлік...

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

40 ЖАУЫНГЕР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН САПЫНДА

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Шымкентте Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған алғашқы сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 40-қа жуық жас Ұлттық ұланның Алматы...

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Өз баспанасын жылдар бойы күткен 40 отбасы қуанышқа кенелді. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде табыстап,...

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

ТІЛ МҰРАСЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ

Айғақ медиа
02.10.2026
0

Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі – ана тілінің ел болашағындағы маңызын айқындайтын тағылымды...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.