Елімізде балаларды қорғау күніне орай түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп, Шымкент қаласында да легі толастамады. Соның бірі орталық саябақта «Бақытты балғын шақ – жарқын болашақ» атты білім басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шарасы өтті. 5000-ға жуық балалар сахна төрінде өнерлерін көрсетіп, көрермен көңілін шаттыққа бөледі.
1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні! Осы орайда ауыл-аймақ, қалаларда түрлі концерттер ұйымдастырылып, балаларға ерекше көңіл бөледі. Солардың бірі Орталық саябақта “ Бақытты балғын шақ – жарқын болашақ» атты білім басқармасының ұйымдастыруымен мерекелік
іс-шарасы өтті. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, және қала әкімінің бірінші орынбасары Сәрсен Құранбек, «Аманат» партиясының депутаттары, шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева арнайы қатысты.
Бұл мерекелік шарада «Бақытты балалық шақ» мерекелік композициялық флэшмобы, Көркемсурет өнер мектептерінің оқушылары мольбертте «Бақытты балалық – жарқын болашақ» тақырыбындасурет салып, домбырашылар күй тартып, «Айгөлек» х би ансамблі би билеп, «Golden kids» мектебінің жас бүлдіршіні Ақарыс Нұрмаханбет «Сәйгүлік» әнін орындады. Жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, халықтың қошеметіне бөленді.
Шараның мақсаты: Балалар шығармашылығын дамыту, музыка арқылы мәдени және тілдік білімдерін байыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Отанын сүюге, өз елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу, жас өскінге рухани қолдау таныту.