Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ведомство аппаратының басшысы болып Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев тағайындалды.
Ол 1968 жылы Түмен облысында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітіріп, кейін құқықтану мамандығы бойынша Қ.А. Яссауи атындағы Мемлекеттік халықаралық Қазақ-Түрік университетінің дипломын алды.
Еңбек жолын Алматы зооветеринарлық институтының бухгалтері, «Ақсай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы болып бастады, 20 жылдан астам мемлекеттік кірістер органдарының облыстық департаменттерінде жұмыс істеді және басқарды.
Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімінің орынбасары, Алматы облысының әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2023 жылғы шілдеден бастап — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі болды.
Төлеген Сәрсембаев салық және қаржы қызметінің үздігі болып табылады, бірқатар мемлекеттік наградалармен және құрметті атақтармен, соның ішінде «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.