Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды. Кешенді жоспар аясында Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құру көзделген. Бұл контейнерлерді өткізу қабілетін арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді едәуір азайтуға мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Биыл Құрық портының акваториясын тереңдету және Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталады. Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен салынбақ. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде жоспарланған инвестициялар да бар.
2028 жылға дейін порттардың өткізу қабілеті 50 пайызға артады. Ал контейнерлерді өткізу қабілеті 3 есе артады деп көзделген.