Мегаполисте мектеп оқушылары бәсекеге түсті. Естеріңізде болса «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен мектепаралық «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы шымылдық түрген болатын. Жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жоба Тұран ауданына қарасты «Аль-Фараби» мектебінде жалғасын тапты.
«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында мектепаралық эстафеталық жарысы өтті. Ең алдымен әнұран орындалып, барлық қатысушылар көк туға қарап сап түзеді. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, мектеп жасындағы оқушыларды спортқа баулу арқылы жасөспірімдер қылмысы, діни экстремизм сияқты зиянды әрекеттерден спорт арқылы көңілін аулай отырып, патриотты ұрпақ тәрбиелей аламыз дейді ұйымдастырушылар.
Жалпы эстафетаға аудан төңірегіндегі 5 мектеп қатысты. 10 кезеңнен тұратын байрақты бәсекеде жүзден жүйрік атанғандар бақ сынасты. Байқау шартына сәйкес турнир жылдамдықтан бөлек тапқырлық пен төзімділікті қажет етеді.
Айта кетейік, оқ бойы озып шыққандарға медальдар және алғыс хаттардан бөлек сый сыяпаттар да қарастырылған. Сондай-ақ, топ жарған команда қала аралық лигаға жолдама алады.