• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН»

18.05.2024
0

Түркістан «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКК және Қазақстан педагогикалық ғылымдары академиясымен бірлескен «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР: ИДЕЯДАН ІСКЕ АСЫРУҒА ДЕЙІН» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Ол Оқушылар сарайының 4 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
Конференцияның мақсаты: Бүгінгі уақыт талабына сәйкес ғылым және білім жетістіктерін қолдана алатын креативті ойлау қабілеті дамыған құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Сондай-ақ оқушылардың зерттеу қызметін талқылау, тәжірибемен кең алмасу алаңын ұсыну, мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің зерттеу жүргізуге деген ынтасын арттыру және білім берудің өзекті мәселелерін талқылау үшін жағдай жасау.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемнің 190 елінде және аумағында жұмыс істейтін БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ҚАЗАҚСТАН-ЮНИСЕФ және Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті қолдау көрсетті.

Бұл конференцияға Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, п.ғ.д., академик Асқарбек Қабікенұлы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қонақова Клара Өмірзаққызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инженерлік және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Темірбаев Әмірхан Әділханұлы және ғылым саласының өкілдері арнайы қатысты.
Конференция алдымен жалпы пленарлық отырыстан басталып, алғашқы болып сөз алған Педагогикалық Ғылымдар Академиясының президенті, академик Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ қатысушыларда құттықтап, тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына толық тоқталды.
Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ: «Баланы тәрбиелеудегі отбасы мен мектептің өзара әрекетінің тиімділігін арттыру үшін, біздің ойымызша, отбасына педагогикалық қолдау көрсету және білім беру мекемесі мен отбасының бірлескен әрекеті проблемаларымен шұғылданатын ғылыми-зерттеу институтын құру қажет» деген ұсыныс айтты.


Одан кейін Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ өкілінің орынбасары Литисия Баззи Вейл сөз алып, соңғы уақытта еліміздегі балаларға білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен нәтижелерге жоғары бағасын берді.
Одан кейін пленарлық отырыс, әріқарай негізгі 5 секция бойынша жалғасты.
1. Ұлттық және отбасы құндылықтары мен мектептің тәрбиелік ортасын дамыту жолдары;
2. Білім берудегі замануи педагогикалық технологиялар;
3. Қосымша білім беру жүйесінің оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытудағы ролі;
4. Оқушыларда зерттеушілік дағдыларын арттыруда әдістемелік кабинеттер, үйірмелер, мұғалім-әдіскерлердің ролі;
5. Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысы және білім сапасын көтеру мәселелері.
Оқушылар сарайының директоры, Индира Сарқытқызы: «Жаһандану кезеңінде өзгеріске түспеген ұлт кемде кем, солай бола тұра біз балаларға білім беру ошақтары ұлттық кодты сақтауға, әрі жалғастыруға түрлі жолдар қарастыруымыз керек деп білемін. Оның маңызы – ұлттың ұлт болып сақталуында, өз мәдениеті мен болмысынан айырылмауында.
Ал қазіргі оқушы – жаңа технологияны меңгерген, ақпараттық кеңістікте қиындықсыз өмір сүре алатын тұлғалар. Оларға ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді сіңіру тікелей ата-ана мен білім беру ошақтарына міндет болып тұр» дейді.


Осы конференцияның аясында нақты ұсыныстар қаралып, оны жүйеге енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ конференция барысында «Оқушылар сарайының» UniSat білім беру Хабының жұмысы таныстырылды. Хабтың мақсаты — наноспутниктерді әзірлеу саласында қыздардың білімі мен құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ командалық жұмыс, шешендік өнер, тайм-менеджмент және шығармашылық сияқты дағдыларды жетілдіру.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.