• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 16, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

15.05.2024
0

Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Сәуір айын қортындылап атқарған жұмыстардың есебін берген мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.

Жиында басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды.

Басқарма басшысы 2023 және 2024 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстарының мемлекеттік мектептерде жүргізілген кешенді мониторингтік қорытындылары туралы айтып өтті.  Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысының күн тәртібіне қойылған 2 мәселе төңірегінде 2 сағаттан астам сөз өрбіді. Басқарманың 2023 және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарын Нұргүл Шәмшиева жіпке тізгендей етіп баяндап берді.

“2024 жылы білім саласына жалпы қаралған қаржы — 228 млрд 353,5 млн теңгені құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бағыты бүгінгі таңда 608  мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істеуде.

Бұл бағыттағы басты көрсеткіш балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамту. 2023 жылы 28 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 845 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. 2025 жылға дейін 11 425 жаңа орын ашу жоспарланған. Оның ішінде 2023 жылы қуаттылығы 2 845 орындық 28 балабақша ашылды. 2024 жыл соңына дейін 35 балабақша ашылады деп жоспарланған.

Орта білім беру саласы бойынша

Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр оның 150 мемлекеттік, 125 125 жекеменшік. Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшікте 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда.

Инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыт мақсатында қаладағы үш ауысымды және орын саны шамадан тыс мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2023 жылы қуаттылығы 19 928 орынға арналған 23 мектеп (3 мемл., 20 ж/м) берілді. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешілді.

Сондай-ақ, демографиялық өсімге байланысты 2028 жылға дейін қуаттылығы 50 340 орынға арналған 63 мектеп салу жоспарлануда.

Мониторингпен қамтылған мектептердің жалпы үлесі мемлекеттік орта білім беру ұйымдардың 50 %-ын құрайды. Оның ішінде Абай ауданының 16 мектебі, Әл-Фараби ауданының 14 мектебі, Еңбекші ауданың 16 мектебі, Қаратау ауданының 12 мектебі, Тұран ауданың 10 мектебі.

Мониторинг барысында 4 мектепте лицензиясы жаңартылмаған, 4 мектептің мектепалды даярлықты жүзеге асырылатындығы туралы хамарлама берілмеген. 11 мектепте білім алушылар ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. 19 мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған шкафтар жоқ.

16 мектепте мектептің нақты ҰББДҚ (НОБД) сәйкес келмейді. 2 мектепте педагогтың білімі тиісті бейініне сәйкес келмейді. 5 мектепте директор орынбасарының біліктілігіне қойылатын талаптар орындалмаған. 6 мектеп бос немесе уақытша лауазымға педагогтерді қабылдау қағидалары орындалмаған.

14 мектепте бейнекамералар жұмыс жасамайды. 3 мектепте терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді тағайындау туралы бұйрығы жоқ.  8 мектепте өрт қауіпсіздігі қағидалар нормаларын орындамаған.”

Осы сияқты өзекті мәселер қаралған алқада басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиева алдағы уақытта мониторинг жүрігізлген мектептерде кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Баяндамадан кейін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім саласындағы кемшіліктерді тізіп өтіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы айтты. Қаралған мәселелер аясында бірқатар тапсырмалар берді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді іс-шаралар жоспарын қайта қарау ұсынылды.

Жалпы білім саласына Мемлекет басшысынан бастап, аймақтағы биліктің де жіті назарында. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Аталмыш жоба қала басшысының басты назарында. Қатысушылар нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру жайын, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдерін егжей-тегжейлі пысықтады. Сонымен қатар, нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.

Жиын қорытындысымен әкім құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді.  Мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және  жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие...

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

«ДАМУ» ҚОРЫ ЖЫЛДЫҚ 12,6% ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕЛЕНДІРІЛЕТІН ЖАҢА «ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігі мен «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жеңілдікті несиелендірудің жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылғанын хабарлайды. Бұл...

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

САЛТАНАТ ИСАҒАЛИЕВА 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Айғақ медиа
13.06.2025
0

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз. Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі...

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.