«Соңғы қоңырау» шарасында қауіпсіздік шаралары барынша қамтылады. Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен аппарат мәжілісінде әкім білім басқармасының басшысына тәртіп сақшыларымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды. Бұл күндері жалпы білім беру ұйымдарында, ойын-сауық орындарында, жастар көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп күшейтіледі. Жиында сондай-ақ, Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесулердегі хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, сонымен қатар 2023-2024 оқу жылының салтанатты іс-шараларының қауіпсіздік мәселесі, субұрқақтарын қосу жайы талқыланды. Ал, жайлы ортаны дамыту басқармасына бүлінген су бұрқақтарын қалпына келтіріп, 1 маусымға дейін жаппай іске қосып, жылы маусымда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қала аумағындағы саябақтарды жарықтандыру жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтап, демалушыларға қолайлы жағдай жасауда нақты тапсырма берді.
САРБАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ
Мемлекеттің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бұл президенің пәрмені. Жыл сайынғы дәстүрлі жолдауда айтылатын негізгі бағытта осы. Ағымдағы...