Отан қорғаушылар күні қарсаңында ішкі істер органдарының қатарына қабылданған бірқатар полицейлер ант қабылдады. Сонымен қатар жауапты міндетті арқалап, қоғам тыныштығын күзетуде ерен еңбек еткен қызметкерлерге арғыс хаттар мен арнайы төсбелгілер табысталды.
Іс-шара жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсімімен басталды. Ішкі істер органдарының қатарына қабылданған 25 полицей қызметтік міндеттерін адал атқаруға ант берді. Жиында департамент бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев мерекемен құттықтап, заңнаманы қатаң сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау жолында адал қызмет ету қажеттілігін атап өтті.
Салтанатты ант қабылдау рәсімінде жұмыс барысында жауапты міндетті арқалап, қоғам тыныштығын күзетуде ерең еңбек еткен бірқатар қызметкерлерді марапаттаумен жалғасты. Сондай-ақ, өздерінің адал еңбегімен көзге түскен 100-ден астам тәртіп сақшысына ҚР ІІМ мен қалалық ПД-нің грамотасы, алғыс хаты және арнайы төсбелгілері табысталды.
Сонымен қатар үздік полицейлердің ата-аналары да назардан тыс қалмады. Оларға «Үздік офицердің анасы» және «Үздік офицердің акесі» төсбелгілері табысталды. Қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара полиция департаментінің хоры мен талантты қызметкерлердің орындауындағы патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарламамен аяқталды.