• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қыркүйек 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ІРІ ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

10.05.2024
0

Бүгінде отандық бизнесті қолдау басты міндетіміз. Бұл еліміздің экономикасының қарқынды түрде дамуына да оң әсерін береді. Тіпті бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов тағайындалған сәтінен бастап, елдің экономикалық дамуы бағытында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындайтынын айтқан болатын.
Ол өз сөзінде сонымен қатар: “Отандық өндірісті ынталандыру үшін шаралар қабылданатын болады. Қазақстанда өндірілетін өнімнің үлесін ұлғайту қажет. Біздің басты міндетіміз – отандық бизнесті қолдау. Ауыл шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану маңызды. Сондай-ақ су ресурстары, энергия үнемдеу, көлік-логистикалық желі бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз. IТ және жаңа технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету шаралары және халықты толғандыратын басқа да мәселелер әрқашан үкіметтің назарында болады. Үкімет еліміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады. Басты міндет – отандық бизнесті қолдау «, — деді Олжас Бектенов. Осыған орай 2024 жылғы 1 мамырда Премьер-Министрдің отандық өндірісті қолдау бойынша тапсырмасында вице-премьер Серік Жұманғарин Шымкентке барып, жұмыс істеп тұрған ірі өндірістік және ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен және құрылыс барысымен танысып қайтты.
Шымкент көлік-логистикалық орталығының аумағында ауданы 5 га «НМИ-Юг» ЖШС көпфункционалды қойма кешені салынып жатыр. Жеке инвестор есебінен қаржыландырылған инвестициялық жобаның жалпы құны- 10,2 млрд теңгені құрайды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 90% — ға орындалған құрылыстың бірінші кезеңін биыл аяқтау жоспарлануда. Қойма үй-жайларының жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. «НМИ-Юг» ЖШС құрылтайшысы Айжан Наимбекованың айтуынша, бұл климаттық бақылаудың икемді жүйесі, тоңазытқыш камераларының температурасын -18-ден +4 градусқа дейін реттеу мүмкіндігі бар А+ санатындағы қойма болады. Бұл тауарлардың кең ассортиментін сақтауды қамтамасыз етеді.
Одан кейін, вице-премьерге «Alsera kz» ЖШС жылыжай кешенін салу жобасы таныстырылды. Құны $650 млн құрайтын инвестициялық жобаны «Бозарық» индустриялық аймағында «Alarko Holding» түрік компаниясы жүзеге асыруда. Бұл жаңа технологияларды қолдана отырып, 500 га алаңда кезең-кезеңімен іске асырылмақ. Мұнда қияр, қызанақ, бақша мен басқа да ауылшаруашылық өнімдерін өсіру жоспарлануда. Бұл Шаһардағы қызанақ пен қияр өсіретін ең үлкен жылыжай кешені болмақ. Жоба аясында 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков СЛО аумағында жүзеге асырылатын басқа да жобалар туралы хабардар етті. Серік Жұманғарин іске асырылып жатқан жобалардың перспективаларын жоғары бағалап, мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Жобалардың аграрлық- өнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді 70% — ға дейін жеткізуге мүмкіндік беру. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің жаңа экономикалық бағдарының басты басымдықтарының бірі ретінде — жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру деген болатын. Осыған орай, вице-премьер «AZALA Textile»ЖШС — Қазақстандағы дайын тоқыма өнімдерін өңдеу және шығару бойынша толық аяқталған циклдің ірі және жалғыз тоқыма фабрикасына барды. Бірегей тоқыма комбинаты иірілген жіптен тоқыма бұйымдарына дейін өнім түрлерін шығаратын фабрикада 475 адам жұмыс істейді. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 6 800 тоннадан астам иірілген жіп пен 14 миллион сызықтық метр ауыр матаны құрайды екен. Бұл экспортқа бағытталған кәсіпорын болғандықтан, өз өнімдерінің шамамен 70%-ын шет елдерге жіберіп отырады. Мысалы: Литваға, Германияға, Италияға, Польшаға, Бельгияға, Данияға, Латвияға және Түркияға секілді таяу елдерге тасымалдайды. Өндірістік цехтарды тексеру және зауыт басшылығымен әңгімелесу қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин отандық тоқыма өндірушісінің мемлекеттік мұқтаждықтары үшін өнім сатып алуды ұлғайту мүмкіндігін үкіметтік деңгейде пысықтауды тапсырды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.