• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ҚАНДАЙ ӨТЕМАҚЫ АЛА АЛАДЫ

10.05.2024
0

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен және зардап шеккен өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп 2024 жылғы су тасқынының салдарынан шағын және орта бизнес субъектілеріне (бұдан әрі – ШОБ) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Төлемдерін сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандырылған мүлікті қоспағанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің жоғалған немесе бүлінген мүлкі үшін өтемақы беріледі.

Кәсіпкерлер өтемақы төлеуге өтініш бермес бұрын келтірілген шығынды бағалап, өтемақы мөлшерін анықтауы қажет.

Келесі шығындар өтелуге жатады:

Жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар) – ұсынылған ақаулық ведомосі, жобалау-сметалық және сметалық құжаттама бойынша.

Тауарлық-материалдық құндылықтар, негізгі құралдар (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) – айналымның не кәсіпкерлік субъектісі табысының орташа айлық сомасына байланысты Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде.

Жылжымалы мүлік – қалпына келтіру жөндеу сметасына сәйкес, мүлікті бағалау туралы есеп бойынша.

— Төлемдер өңірлердегі мемлекеттік бюджет қаражатынан және бюджеттен тыс қорлардан жүзеге асырылатын болады.

— Номалар агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалдарды өтеуге қолданылмайды, олар үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген өтемақы төлеудің жекелеген ережелері қолданылады.

— Жоғалған тауарлық-материалдық құндылықтар үшін өтемақы көтерме жеткізушінің сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.

— Өтемақы туралы шешімді жергілікті жерлерде әкімдіктер құрған Өңірлік комиссиялар қабылдайды.

— ШОБ субъектісі өтемақы сомасымен келіспеген жағдайда, залал мөлшері сот сараптамасы негізінде айқындалады.

— Бағалау және/немесе ілеспе аудиторлық қызметтерді жүргізуге байланысты қызметтерге ақы төлеу, қалпына келтіру жұмыстарына, адвокаттардың қызметтеріне сметалар жасау және шығындарды калькуляциялау әкімдіктер есебінен жүргізіледі.

— Өтемақыға өтініштер 2024 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

Өтемақы алу үшін өтініш беру тәртібі

1) Кәсіпкер өтемақы төлеуге өтініш берер алдында аудан/қала әкімдігіне  2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен деп тану туралы өтінім жасайды;

2) Кәсіпкер өтемақыға өтініш берер алдында бағалау және сараптама компанияларын тарта отырып, келтірілген шығындарды бағалауды жүзеге асырады (компаниялардың тізбесі әкімдіктердің сайттарында жарияланады);

3) Кәсіпкер қажетті құжаттарды жинағаннан кейін e-gov.kz электронды порталы арқылы немесе қағаз жеткізгіште әкімдікке залалдарды өтеу туралы өтінішті жолдайды (мүлік иесі өтінішті жеке өзі бере алмаса, ол сенім білдірген тұлға ұсынуы мүмкін)

4) Өңірлік комиссия 5 жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және өтемақыны қанағаттандыру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

5) Өңірлік комиссия 1 жұмыс күні ішінде отырыс хаттамасына қол қояды және 1 жұмыс күні ішінде кәсіпкерді қабылданған шешім туралы хабардар етеді;

6) Өтемақы өтініште көрсетілген шотқа 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке кәсіпкердің талоны,

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

2) меншік құқығын растайтын құжаттар;

3) ерікті мүліктік сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш;

4) мүлік иесіне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген жазбаша хабарлама

5) бағалау, сараптама ұйымдарына мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген жазбаша хабарлама

6) келтірілген шығындарды бағалауды растайтын құжаттар;

7) бағалау және өтемақы мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де компаниялардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге арналған шот-фактура немесе шот;

8) зақымдану фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар.

Өтемақы мәселелері бойынша кеңес алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның 1432 сенім телефоны жұмыс істейді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.