Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан екі ардагеріміз қалды. Соның бірі 1925 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданында дүниеге келген, 1943 жылы соғысқа аттанған, Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг, Перлеберг қалаларының шайқасына қатысқан Мұраталы Төлепбергенұлы. «Аманат» партиясының мүшелері мен депутаттар құттықтау хат пен қаржылай сыйлық табыс етіп, ардагерге құрмет көрсетті. Кеудесінде жарқыраған орден-медальдары бар, ерлікке толы тарихтан сыр шертетін ғасыр жасаған ақсақал ел амандығын тілеп, батасын берді.

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...










