Бүгін “Жасыл аймақ” акциясы аясында Тұран ауданында орналасқан “Жібек жолы мұсылмандар мазараты” аумағына көшеттер отырғызылып, санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы әкімдігі мен Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлы бастаған сенбілікке дін өкілдері, коммуналдық мекеме, ауданның белсенді тұрғындары атсалысып, белсенділік танытты.
“Тазалық-иманның жартысы” демекші, бүгін Тұран ауданында орналасқан “Жібек жолы мұсылмандар мазаратында” -“өткенге құрмет- тіріге міндет” атты мазаратты күл қоқыстан тазарту шарасы өтті. “Жасыл аймақ”қарсаңында өткен тазалық акциясына Тұран ауданының имамдары мен аудан әкімшілігі, белсенді тұрғындар аумағы 100 гектарды құрайтын қала бойынша ең үлкен мазараттың аумағын тазалады. Ақпанның 22-27 аралығында өтетін Таза қазақстан республикалық экологиялық акциясының 3-ші аптасы да өз мәресіне жетті. “Жасыл аймақ» апталығы аясында мазарат аумағына да 300 түп көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, қаламыздағы 92 мешіт өздерінің аумақтарында орналасқан мазараттардың тазалық жұмыстарын жүргізіп, белсенділік танытуда.