26-шілде мен 11-тамыз аралығында Францияның бас шахары — Парижде 27-ші жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты аламанына ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті қалай дайындалып жатыр? Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келген Олимпиадаға дайындық штабының жетекшісі арнайы жиын өткізді. Күллі әлем бақ сынайтын байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшыларымызда қандай мәселелер бар?
Халықаралық олимпиада қарсаңындағы спортшылардың дайындығын пысықтау мақсатында арнайы жиын өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, ҚР туризм және спорт министрлігінің қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп, Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, бапкерлер мен спортшылар қатысты.
Бапкерлер үшін аккредитация саны шектеулі. Дегенмен, әр спортшы үшін бапкердің орны үлкен маңызға ие. Қанағат Елсияровтың айтуынша Ұлттық олимпиада комитетінің жиынында осы мәселе талқыға түскен.
Басқарма басшысының айтуынша спортшылар мен жаттықтырушыларды материялдық жағынан қамтамасыз ету жұмыстары жан-жақты қолға алынады. Сондай ақ, оларға арнайы спорттық тағамдар сатып алынып, жекелей дайындық жоспарлары бекітілді.
Басқарма басшысына спорт мектептері мен салалық федерациялдың жұмысын жетілдіру жолдарын қарастыру тапсырылды. Елсияр Қанағатовтың айтуынша спортшыларда дәрі-дәрмек, спорттық киім, құрал жабдықтардан да тапшылық туындайды. Ол үшін салалық министрлікке өтінім жолданған