Қазақстанда денсаулыққа қауіпті биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) анықталып отыр, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті бұқаралық ақпарат құралдарын және интернет-ресурстарды мониторингілеу қорытындысы бойынша мынадай тіркелмеген ББҚ-тар анықталды: 1) Бальзам «Мадерия с Лицетином»; 2) Алкостопин Форте; 3) «Литомасло «Мужская сила»; 4) Сироп «Дианормин Ультра»; 5) Капли для глаз при глаукоме и катаракте, усталости глаз «ITONE/Айтон»; 6) Капсулы «Кардицепс»; 7) «СаганДали»; 8) «АртроСила».«Жоғарыда аталған БАҚ-тар Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында анықталды және «Арна тв» (еженедельная газета для всей семьи) газетінде, «Караван» газетінің 2016 жылғы 21 қазандағы №41 (475), «Шахтинский вестник» газетінің 2016 жылы 14 қазандағы басылымында жарияланған. Комитет аталған БАҚ-тарды сатып алмауды сұрайды, өйткені олар адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Мұнан бөлек, емдеу мекемелерінде қабылдау кезінде БАҚ-тарды тағайындаған жағдайда, Комитеттің аумақтық бөлімшелерін хабардар етулеріңізді сұраймыз», — делінген хабарламада.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...