Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босату үшін негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілді. Тізбеге саусақ ізінен өтуге болмайтын аурулардың 53 түрі енгізілген.
Мысалы, бұған терінің гипертрофиялық өзгерістері, келоидты тыртықтар, сызықтық склеродерма, васкулит, ревматоидтық артрит және басқалары сияқты дерматологиялық патологиялардың кейбір түрлері кіреді.
Дактилоскопиялық тіркеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саусақ іздері биометриялық паспорттар мен жеке куәліктердің чипіне енгізіледі.
Дактилоскопиялық тіркеуден 12 жасқа дейінгі балалардан басқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өте алады.