«Арт хаб аманат» орталығында «Бастаңғы» іс-шарасы өткізілді. Шара аясында қазақ халқының дәстүрі дәріптеліп, қатысушыларға ұйқыашардан дәм татқызып, шығу тарихы мен дайындау жолдарын түсіндірді. Іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойында ұлттық өзіндік ерекшелік сезімін және өз тарихымыз бен мәдениетімізге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жастарымыздың арасында дәл осы «Ұйқыашар» мен «Селт еткізер» игі дәстүрін қайта жандандыру. «Бастаңғы» — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды. Іс-шара аясында «Ұйқыашар» мен «Селт еткізер» дәстүрінен көрініс мақал-мәтел, жұмбақ жасыру секілді қойылымдар өткізілді. 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы
2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...










