Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метрді құрайды. Бүгінде онда жиналған судың деңгейі тұрақты. Маманның айтуынша, су құймаларына тәулігіне 3,4 текше метр су келіп жатыр. Жауын-шашынның жиі түсуіне байланысты Шымкент қаласы Төтенше Жағдай департаментінің қызметкерлері су қоймаларына мониторинг жүргізген. Бүгінде елді мекендерді, әлеуметтік маңызы бар және басқа да маңызды объектілерді су басу қаупі жоқ дейді, Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы.
ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР
Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...










