Елдің елдігі де, ұлт болып ұйысуы да қиналған сәтте білінеді. Бұл ретте Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті мен Жұмабек Тәшенов атындағы университет Орал қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге гумманитарлық көмек көрсетпекші. Осындай игілікті шара барысында Шымкент қаласындағы бірнеше жоғары оқу орнының ұжымдары да азаматтық танытып, мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Олар 10-16 тонналық азық-түлік, киім-кешек және тұрмыстық заттар тиелген жүк көліктерін Батыс Қазақстанға жөнелтті. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің ұжымдары Орал қаласына қайырымдылық шарасы ретінде қажетті заттар жөнелтті. Жүк көлігіне азық-түлік, оның ішінде ұн, қант, пісте май, тұз, күріш, макарон және сабын , балалар жөргегі сияқты гигиеналық заттар, сондай-ақ жылы төсеніштер мен жамылғылар тиелді. Бұл заттар су басқан аймақтағы ағайындардың өздері сұраныс білдірген қажеттілікті қамтып отыр. Бұл игілікті бастаманы Жұмабек Тәшенов университеті бірінші болып ұсыныс тастап, бастаған. Өздеріңіз көргендей бұл игі бастама іске асып, салмағы 10-16 тоннаны құрайтын қажетті заттар жиналып, жүк көліктерін Оралға жөнелтті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор, тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында.
АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫ САРАЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 10 айында экономикалық көрсеткіші 12 пайызды құрады. Екі индустриалдық аймақ ашылып, 293 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде 80 мың...