Киелі мекен акциясы аясында Еңбекші ауданында орналасқан Қапал батыр ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына Еңбекші ауданы әкімі аппараты, «Группа Интеко» ЖШС, «Еңбекші» КММ, «Эталон» ЖШС және тұрғындар қатысты. Жалпы сенбілікке 500-ге жуық адам қатысып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Жалпы, орындықтарды әрлеу, шөптерді ору, ағаштарды қырқу, ескерткіштерді тазалау жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен басталған тазалық акциясының екінші аптасы. «Киелі мекен» апталығында қала аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, шаһардың тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандырылады. Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде атсалысуда.
ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ
Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...










