Бүгін қалалық онкологиялық орталығында 19-20 сәуір аралығына жоспарланған Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан эндоскопистер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Заманауи диагностикалық және оперативті эндоскопияның мүмкіндіктері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өз жұмысын бастады.
Аталған іс-шараға Қазақстан эндосскопистер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Батырбеков Қанат және А.С. Логинов атындағы Мәскеу клиникалық ғылыми-практикалық орталығының бас эндоскописті Недолужко Иванның қатысуымен заманауи эндоскопияның мүмкіндіктері тақырыбында дәрістер оқылып, 9 науқасқа түрлі деңгейдегі күрделі оталар жасалды. Іс- шараға Шымкент, Алматы қалаларымен қатар көршілес Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының мамандары қатысты.
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....











