Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», — делінген хабарламада.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы президенттік орталықта өтеді.
- Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2024 жылғы 20 наурыз
№ 132