• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қаңтар 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

19.03.2024
0

 

Бокс: Отандық былғары қолғап шеберлері Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокстан ерлер мен әйелдер арасында Париж Олимпиадасына лицензия беретін іріктеу турнирінде 5 лицензия жеңіп алды. Атап айтар болсақ, ерлер бәсекесінде Сәкен Бибосынов (51 кг), Сабырхан Махмұд (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг) және Айбек Оралбай (91 кг) лицензияға қол жеткізді. Өкінішке қарай қыздар құрамасының бірде-бір өкілі жолдама ала алмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы мәресіне жетті. Қазақстан боксшылары 4 алтын, 4 күміс еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Таэквондо: Қытайдың Тайань қаласында аяқталған таэквондодан Азия құрлығының соңғы лицензиялық турнирінде Ұлттық құрама спортшылары ел қоржынына Париж Олимпиадасының 2 жолдамасын салды. Жарыстың алғашқы күнінде Батырхан Төлеуғали (-80 кг) екі айқаста ешкімге дес бермей, Олимпиадаға лицензия алған ең жас қазақ таэквондошысы атанса, келесі күні Самирхон Абабакиров (58 кг) жартылай финалда Филиппин өкілін жеңіп, Париж жолдамасына ие болды.

Фристайл-акробатика: Швейцарияның Айроло қаласында мәресіне жеткен фристайл-акробатикадан Еуропа кубогінің кезеңінде жерлесіміз Шерзод Хаширбаев жеңіске жетті. Шерзод Хаширбаевқа алтын медаль алу үшін 96.93 ұпай жеткілікті болды. Украиналық атлет Максим Кузнецов (94.82 ұпай) күміс, швейцариялық Пирмин Вернер (93.99 ұпай) қола жүлдеге ие болды.

Шорт-трек: Нидерланд Корольдігінің Роттердам қаласында өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында Денис Никиша күміс медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыста мәре сызығын екінші болып кесті. Бұл – Қазақстанның шорт-тректен ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Сурдлимпиадада: XX қысқы Сурдлимпиадада шахматтан Қазақстан ерлер құрама командасы жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Бас жүлдені Хорватияның спортшылары еншілесе, күміс медаль Польша командасына бұйырды. Ұлттық құрама сапында Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейрман Пернеев және Виктор Максименко ойнады.

Шаңғымен тұғырдан секіру: Польшаның Закопане қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогінде отандасымыз Данил Васильев үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) топ жарды. Бұл – Қазақстан спортшыларының FIS кубогі тарихындағы алғашқы жеңіс. Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерных 15-орынға ие болды.

Теннис: Әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Бразилияның Фейра-де-Сантана қаласында өткен ITF M25 турнирінің чемпионы атанды. Отандасымыз жарыстың финалында дүниежүзілік рейтингте 771-орында тұрған америкалық Харрисон Адамспен кездесіп, қарсыласын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Каратэ: Түркияның Анталья қаласында ұйымдастырылған WKF каратэден Karate1 Premier League – Antalya турнирінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 3 қола жеңіп алды. Атап айтқанда, Мөлдір Жаңбырбай мен  Бэлла Самашева топ жарса, Софья Берульцева, Әсел Қанай мен Нұрқанат Әжіқанов ел қоржынына қола медаль салды.

Мәнерлеп сырғанау: Люксембургтегі Coupe du Printemps халықаралық турнирінде Диас Жиренбаев 211,76 ұпай жинап, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ отандасымыз мансабындағы рекордтық ұпайына қол жеткізді.

Көркем гимнастика: Грекияда өткен халықаралық «Афродита кубогі» турнирінде отандық көркем гимнасшылар 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды. Айбота Ертайқызы ұршық және лента жаттығуында топ жарса, доп жаттығуында қола жүлдеге ие болды. Ал Эрика Жайлауова доп жаттығуында үздік шықты. Сонымен қатар Милана Парфилова лента жаттығуында күміс, ұршық жаттығуында қола жүлдеге қол жеткізді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.