Дүниежүзілік байқауда Қазақстанның логотипі үздіктер қатарында. ҚР СИМ Техникалық бақылау және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы ұсынған логотип 2024 жылғы Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай постерлер байқауында екінші орынға ие лайық деп табылды. Барлық қатысушы елдер арасында ILAC және IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдар бұл байқауды жыл сайын өткізеді.
ҰАО Қазақстан Республикасы атынан алғашқы рет байқауға қатысып отыр. Логотиптің мағыналық мазмұны аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдардың сипаттамасында берілген, біздің елден белгінің тұжырымдамасы мен мазмұнын ҰАО Халықаралық ынтымақтастық департаменті ұсынды. Графикалық көріністі қызметкеріміздің қызы, кәсіби дизайнер Элина Рзаева жасап шыққан еді.
Бүгін IAF және ILAC (JWGC) коммуникация жөніндегі біріккен жұмыс тобының ҰАО-ға жолдаған хабарламасындағы алғыс хат пен құттықтауда ресми байқауға 98 өтінім түскені айтылды. Соның ішінде екінші орынды иеленіп отырмыз.
JWGC-ге жолдаған жауап хатында ҰАО басшылығы атынан аккредиттеу жөніндегі ұлттық органның жоғары бағасы мен дүниежүзілік байқау жеңімпаздарының қатарында болу мәртебесі үшін ризашылығы, осы жеңіспен құттықтаған алғысы білдірілген.
Жыл сайын 9 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік аккредиттеу күнінің логотипі бірінші орын алған эскиз болады. Алайда, алғаш рет қатысып отырып,2-і орынды иелену біздің еліміздің әлемдік сапаны бағалау жүйесінің интеграцияланған қатысушысы ретінде үлкен әлеуетін және оның жоғары шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.