• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Маусым 12, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ҚАЗАҚ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

19.02.2024
0

Пара дзюдо: Германияның Гейдельберг қаласындағы пара дзюдодан Grand Prix турнирінде ұлттық құрама спортшылары екі жүлде еншіледі. J2 санаты бойынша 48 кг салмақта қарсылас шақ келтірмеген Ақмарал Науатбек жеңімпаз атанса, Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 кг салмақта қола жүлдеге ие болды.

Жеңіл атлетика: Иран астанасы Тегеранда өтіп жатқан жабық кешендегі XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыздан 60 метрге кедергілермен жүгіруде Давид Ефремов пен биіктікке секіруде Елизавета Матвеева топ жарса, 60 метрге жүгіруде Ольга Сафронова және ядро лақтыру сайысында Иван Иванов күміс жүлдегер атанды. Ал үш қарқып секіру сайысында Мария Ефремова мен 1500 метрге жүгіруде Аяна Болатбекқызы қола жүлде олжалады.

Велоспорт: Түркияның Анталья қаласында өткен маунтинбайктан Kuzilalan Cup (Қызылалан кубогі) жарысында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді. Кросс-кантри бағдарламасында Алина Саркулова тағы топ жарып, 2-алтын медалін мойнына тақты. Ол бір күн бұрынғы әйелдер арасындағы жарыста да жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар Ұлттық құрама спортшысы Татьяна Генелева бір күміс, бір қола медаль иеленді. Ерлер сайысында Денис Сергиенко күміс жүлдегер атанды.

Желкенді қайық: Қатар астанасы Дохада ұйымдастырылған желкенді қайық спортынан халықаралық регатада Қазақстан құрамасы 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. «Zest» санатында Карина Жанғазова 2-орыннан көрінді. Ал Антон Гаас «лазер» санатында, Карина Жанғазова жекелей сында, Берік Кубаев пен Яна Белозерова жұбы «470» санатында үздік үштікті түйіндеді.

Спорттық гимнастика: Каирде (Мысыр) өтіп жатқан 2024 жылғы алғашқы Әлем кубогі кезеңінде ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығуда қола жүлдеге ие болды. Ол 14.800 ұпай жинап, Ахмад Әбу Әл-соуд (Иордания) және Хур Унтан (Оңтүстік Корея) кейінгі нәтиже көрсетті.

Дзюдо: Ұлттық құрама спортшысы Әбиба Әбужақынова Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Grand Slam жарысында қола медаль жеңіп алды. Ол 48 кг дейінгі салмақта жүлде жолында Бельгия атлеті Лойс Петиттен айласын асырды. Бұл – Әбибаның биылғы әлемдік додаларда алған екінші жүлдесі.

Таэквондо: Түркияның Анталья қаласында таэквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысында Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Жансель Дениз (73 кг) бен Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Ал Тегерандағы (Иран) Fajr Open халықаралық турнирінде жерлестеріміз тоғыз жүлде жеңіп алды. Бейбарыс Қаблан (87 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) күміс жүлдегер атанса, Тамерлан Тілеулес (58 кг), Нұрқанат Қожахмет (80 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Ботакөз Қапанова (49 кг), Камила Аймұқашева (62 кг) мен Айдана Сүндетбай (53 кг) қола медаль олжалады.

Шорт-трек: Денис Никиша Польшаның Гданьск қаласында өткен шорт-тректен Әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Ұлттық құрама көшбасшысы 500 метрге жарыстың финалында тек Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Стивен Дюбуаға (Канада) есе жіберді. Үздік үштікті Польша спортшысы Михал Невински түйіндеді.

Теннис: Михаил Кукушкин Манамадағы (Бахрейн) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда франциялық Ришар Гаскемен шеберлік байқасқан отандасымыз қарсыласынан екі сетте 7:6 (7:5), 6:4 есебімен басым түсті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 19,1 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

    2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 85 кәсіпорны 2 мыңнан астам жұмыскерге 814 млн...

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

КЕНТАУЛЫҚ СТУДЕНТ ОҚУШЫЛАРҒА БОЛАШАҚ КӘСІБІН ТАҢДАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕТІН СТЕНД ОЙЛАП ТАПТЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды. ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін...

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі...

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА СУ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА СУ КОДЕКСІ КҮШІНЕ ЕНДІ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

  Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексі күшіне енді. Бұл құжатта алғаш рет «су қауіпсіздігі» деген...

АСТАНАДА «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН — ЕЛ АЙБЫНЫ» ПАТРИОТТЫҚ МҰРАЛЫ АШЫЛДЫ

АСТАНАДА «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН — ЕЛ АЙБЫНЫ» ПАТРИОТТЫҚ МҰРАЛЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
11.06.2025
0

Елордада Сарыарқа ауданы ғимараттарының бірінің қасбетінде Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетіне арналған "Ұлттық ұлан — ел...

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.