ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Қымбат үй жануарларын декларациялау жануар иесінің қалауы бойынша ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Қайрат Миятов мәлімдеді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Иесінің қалауы бойынша, егер шын мәнінде, асыл тұқымды жылқының құны 1000 АЕК-тен асатын болса, оны декларациялауға болады. Өйткені, иесі асыл тұқымды жануарлармен кәсіби тұрғыда айналысып, оны сатса, сол ақшадан тағы жануарларды сатып алса, оған бұл сома өз шығындарын растау үшін қажет болады. Мұның бәрі әр иесінің қалауы бойынша жасалады», – деді Қайрат Миятов.

Декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Азаматтар мұны үйден шықпай-ақ, банктік қосымшаларды пайдалана отырып және «Салық төлеуші кабинеті» МКК web-порталы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz порталдары арқылы жасай алады.

Ұқсас жазбалар

Elementor #134695

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...