Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
📌Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады:
➤ 2020 жылы – 514 мың га;
➤ 2021 жылы – 626 мың га;
➤ 2022 жылы – 975 мың га;
➤ 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді.
📌2023-2024 жылдарға шегірткенің жаппай таралуының 11 жылдық циклінің үдемелі кезі сәйкес келеді.
💰Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді.
Алайда, 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша үйірлі шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық.
✅Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.