ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
✅ Қаражат ветеринариялық зертханаларды дәлдігі жоғары құрылғымен – халықаралық ұсынымдар және Codex Alimentarius ережелері мен талаптарына сай келетін сұйық хроматографпен жабдықтауға бағытталады.
✅Бұл ветеринария саласында дәл және нақты зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беріп, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
✅Тиімділігі жоғары сұйық хроматограф тағам өнімдеріндегі зиянды заттардың болмашы іздерін анықтауға мүмкіндік береді.
✅Оны қолдану халықтың денсаулығын тағам арқылы таралатын қауіпті аурулардан қорғауға елеулі үлес қосады.
✅Сонымен қатар жаңа құрылғы бүгінде әлемдегі ондаған елге тауарларын экспорттап жүрген қазақстандық өндірушілерге сыртқы нарықтың қатаң талаптарына сәйкес болуына мүмкіндік береді.
✅Бұдан бөлек, Қазақстанның
басқа елдерден жеткізілетін өнімдерді бақылау мүмкіндігі айтарлықтай артады.
📌ҚР Үкіметінің аталған қаулыны қабылдауы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадам болып табылады.