• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

ЦИФРЛЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ZOOM-НЫҢ БАЛАМАСЫ QOSYL ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕДІ

15.01.2024
0

ҚР ЦДИАӨМ Телекоммуникация Комитеті мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бастамасымен онлайн режимде жиындар өткізуге арналған «Qosyl» жобасы іске асырылды. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрлік 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Орталық және жергілікті атқарушы органдарда ашық жиындар өткізу үшін аталған жүйені пилоттық режимде іске қосуды ұсынды.

Бағдарламаны пилоттық режимде іске қосу сәтті аяқталып, бүгінде орталық мемлекеттік органдар онлайн-жиындар өткізу үшін отандық жобаны тиімді пайдалануда.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бұл жобаның мемлекеттік қызмет саласындағы маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде мемлекеттік органдар жиындарды өткізу үшін онлайн платформаларды белсенді пайдаланады, бұл мемлекеттік қызметшілердің уақытын үнемдейді. Осыған байланысты Министрлік «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп отандық бағдарламалық жүйені әзірлеу туралы шешім қабылдады. Qosyl жобасы сәтті жобалардың біріне айналды. Ең алдымен, жаңа жүйе кеңестерді қауіпсіз ақпараттық ортада өткізуді қамтамасыз етеді, бұл әсіресе мемлекеттік органдар үшін маңызды. Сонымен қатар, ол артық ресурстарды қажет етпейді, бұл оны қолдануға ыңғайлы етеді», — деп атап өтті Бағдат Мусин.

Жоба жетекшісі Нұрислан Исаковтың айтуынша, аталмыш жоба 2020 жылы іске асырылды. Дегенмен, қандай да бір ақаулар болмас үшін және тиісті сынақтардан өту мақсатында біраз уақыт қажет болды.

«Бұл жоба 2020 жылы пандемия кезінде іске асырыла бастады. Мемлекеттік органдар тарапынан шетелдік өндірушілерге тәуелді болмайтын және олардың серверлері арқылы жұмыс істемейтін онлайн-бейнеконференциялар құру бойынша өтініштер түсті. Жоба ақпараттық қауіпсіздік сынағынан өтетін және біздің талаптарымызға сәйкес келетін Қазақстан серверлерінде жұмыс істеуі талап етілді. 2020 жылы бірінші нұсқасы шыққаннан бастап бүгінгі күнге дейін өнім үнемі жаңартылып, дамып келеді. Біз тұтынушыларымыздың сұранысы бойынша үнемі жаңа тетіктерді іске қосып, өнімнің технологиялық бөлігін жетілдіріп келеміз. Сондай-ақ қазіргі нұсқаны шектеусіз кеңейтуге және дамытуға мүмкіндік бар», — дейді Нұрислан Исаков.

Аталған платформаның брқатар артықшылықтары бар. Qosyl жүйесін кез келген ұйымның ерекшелігіне бейімдеуге, басқа жүйелермен біріктіруге, жаңа мүмкіндіктерді жетілдіруге болады, яғни бұл артық шектеулердің жоқтығын білдіреді. Сондай-ақ, бұл жүйеде пайдалану уақытының шегі жоқ екенін атап өткен жөн.

Qosyl-дың шетелдік платформалармен салыстырғанда басты ерекшеліктерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздіктің жоғары деңгейі.

«Платформа ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сынағынан сәтті өтті. Сондай-ақ серверлер Қазақстанда болғандықтан, бірде бір медиа трафик шет ел арқылы өтпейді. Сонымен қатар, отандық жүйені кез келген серверлерге орналастыруға болады. Яғни ол үшін міндетті түрде мамандандырылған жабдық қажет емес, қарапайым серверлік қуаттар да жеткілікті. Екінші мәселе, егер Zoom-мен салыстырсақ, біздің жүйені пайдалану өте оңай және ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан тиімді. Тіпті ақпараттық технологиядан хабары аз адамға оны басқа өнімдермен салыстырғанда пайдалану жеңілірек. Ол қосымшаны жүктеуді қажет етпейді, кез-келген құрылғыдағы браузер арқылы қосылуға болады. Пайдаланушы аты-жөнін енгізеді және тіркелсе жеткілікті. Қаласаңыз, қосымшаны жүктей аласыз. 2023 жылы біз осы бағдарламаны ЦДИАӨМ-де жарты жыл бойы пилоттық режимде іске қосып, пайдаланушылардың сұраныстары бойынша кей тұстарын өзгерттік. Пилоттық нұсқаның қорытындысы бойынша жобаны  пайдалануға беру туралы шешім қабылданды», — деп атап өтті Нұрислан Исаков.

2023 жылғы қарашадан бастап Qosyl жүйесі мемлекеттік органдарда пайдалану үшін сәтті іске қосылды және ресми түрде енгізілді. Болашақта осы өнімді білім беру секторында пайдалану үшін бейімдеу жоспарлануда.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

ЕРЖҮРЕК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНАРМАЙ БЕКЕТІНДЕГІ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Айғақ медиа
11.09.2025
0

Бесінші қыркүйек түні патрульдеу кезінде шымкенттік полиция инспекторлары Ерсұлтан Өмірзақов пен Рахат Мырзабеков өздерінің қырағылығы мен батыл қимылының арқасында үлкен...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ШЫМКЕНТТЕН АЛҒАШҚЫ САРБАЗДАР ОТАН ҚОРҒАУҒА АТТАНДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қатарындағы бөлімдерге алғашқы шақырылушыларды аттандыруға арналған салтанатты рәсім өтті. Еліміздің болашағын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

САБЫР РАХЫМОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахымов есімін иеленген әскери колледждің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі,...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ГАРНИЗОНЫНДА ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕРДІҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТЕКСЕРДІ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Шымкент гарнизонына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әскери бөлімдер мен мекемелердің қызметін, инфрақұрылымын...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

ЕСІРТКІ ЖЕТКІЗУ АРНАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қоғамда «Заң мен тәртіп»...

 «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ ЕЛ»: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА АТСАЛЫСУДА

КЕЗЕКТІ  «ЖАС САҚШЫ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.09.2025
0

Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепте жаңа «Жас сақшы» кадет сыныбының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа сыныпқа қызмет бабында ерлікпен қаза...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.