Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барды. Жаңа жылда аймақтағы 96 отбасының қуанышымен бөлісті. Яғни, Тұрар Рысқұлов ауылындағы 64 және 32 пәтерлі екі тұрғын үйдің иелеріне жаңа баспананың кілтін табыс еткен облыс әкімі қоныс тойын тойлаған тұрғындарға ыстық ықыласын жеткізді. Айта кетейік берілген тұрғынүйлер «қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы арқылы мүмкіндігі шектеулі және жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға бұйырды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлерге де бұл күні баспана кілті салтанатты түрде табыс етілді. Өңір басшысының жұмыс сапары барысында Келтемашат округінде дәрігерлік амбулаторияның лентасы қиылды. Сондай-ақ, Арыс ауылдық округінде де дәрігерлік нысан ел игілігіне тапсырылды. Ендігі жерде ауылдық округтердің халқы аудан орталығындағы ауруханаларға жүгінбей-ақ жергілікті жерден еміне шипа табуға мүмкіндік алды.
Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...










