ҚР Туризм және спорт министрінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 бұйрығымен шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстанның бүкіл аумағында нөлдік мөлшерлеме қолданылатын болады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзгерістер осы жылдың 9 қаңтарында қолданысқа енгізіледі.