Ордабасы ауданында 130 мүгедекке қоларба табыс етілді, — деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. Ауданда 130 азаматтың 56-сына облыстық бюджет есебінен берілсе, 74-іне аудандық қазынадан қаржы қаралған. Аудан орталығында ашылған жалғызілікті қарттарға әлеуметтік үйде көмек көрсету бөлімшесінде тіркелген 97 қарияға 23 әлеуметтік қызметкер бекітілген. Ал мүмкіншілігі шектеулі мүгедек балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде 95 бала және 18 жастан асқан, жүйке ауруымен ауыратын 12 адам есепке алынған. Сонымен қатар, ол азаматтарға 20 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді.Түркістан аймақтық мүгедек балаларды оңалту орталығына 24 балаға жолдама берілді. Үйлерінде сабақ алатын 131 мүмкіншілігі шектеулі оқушыға 2016-2017 оқу жылында 2 миллион 80 мың теңге жәрдемақы тағайындалып, толығымен төленген.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










