Шымкенттің туризм тынысын ашқан Шымқала тарихи-мәдени-кешенінің құрылғанына 2 жыл толды. Еліміздің үшінші мегаполисінің әлеуетін айшықтап, келушілерге есігін айқара ашқан орталық жарқын істерімен ерекшеленіп келеді. Алғаш осында қазба жұмыстарын жүргізген археолог ғалым Бауыржан Байтанаев қолға алынатын істердің әлі де көптігін айтады. Тек мәдени шаралармен шектеліп қалмай, тарихпен байланысты әрекеттерді қолға алу міндеті тұр. Әсіресе, Шымкент тарихына қатысты өзінің мұражайы қажеттігін айтады. Жалпы «Ескі қалашықта» өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап қазба жұмыстары жүргізілген. Ал екі мыңыншы жылдардың басында бұл жерге археологтардың қызығушылығы артып, қазба жұмыстарының ауқымы өсті. Қазба жұмыстары археологтардың Шымкенттің кем дегенде 2200 жылдық тарихы бар деп айтуына негіз берді. Осылайша «Шымқала» тарихи-мәдени кешені көне шаһардың туризм тынысын ашуға бірден-бір септігін тигізді.
ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ
Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...










