25 қазан — Республика күніне орай мемлекеттік ту көтеру рәсімі мегоплоисте де өтті. Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар мен ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер көк байрағымыздың желбірегеніне куә болды.
Көктің оты көк тәңірі қолдаған, көк аспанның сеңгіріндей желбіреген байрақ бабалар аманаты. Елдік пен еркіндіктің дәйегі. Береке мен бірліктің дәлелі. Алты алаштың баласын алты қанат киіз үйдің басында бір шаңыраққа біріктірген осынау ұлттық мерекеге Шымкенттік тұрғындар да үн қосты.
14 жылдан кейін қайта оралған ұлттық мереке Республика күні өңірде кең көлемде атап өтілді. Айтулы күнге орай мерекелік шаралар жоспарланған. Соның бірі Тәуелсіздік саябағындағы мемлекеттік рәміздер алаңында өткен ту көтеру рәсімі. Салтантты шараға тұрғындар көптеп жиналды.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...










