Енді отбасы банктің клиенттері жасыл стандарттар бойынша салынған энергия үнемдейтін тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға несие рәсімдей алады «Жасыл ипотека» бойынша бастапқы жарна жиырма пайыздан басталады. Егер ол бар болса отбасы банктің клинеттері алдын-ала несиені рәсімдейді. Бағдарлама бойынша несиенің ең жоғары соммасы 35 миллион теңгені құрайды. Несие тек бастапқы тұрғын үй салуға беріледі.
Отбасы банк клиенттеріне осы үлгідегі пәтерлерді Шымкенттегі »Centrel Building» құрылыс компаниясы ұсынады. Компания тұран тұрғын үй кешенін салған. Нысан «Жасыл ипотека» стандартына сәйкес келеді. «Жасыл» ипотека азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған неисе. Яғни құрылыс кезінде құрылыс салушы қауіпсіз және экологиялық материалдарды пайдаланады. Жақын маңдағы аумақты абаттандырады және көгалдандырады. Қалдықтарды кәдеге жарату жүйесін ұйымдастырады. Су үнемдеу технологияларын қолданады. Энергияны үнемдеу бойынша тиімді шешімдерді пайдаланады. Отбасы банкі Қазақстанда алғаш рет өткен жылы «Жасыл ипотека» пилоттық жобасын іске қосты. Шымкент қаласындағы отбасы банкі филиалының директоры Дәурен Саудабаев: “Құрылыстың экологиялық стандарттарды сақтайтын құрылыс салушылар мен біз келісімдер жасаймыз және бізде «Жасыл ипотека» бойынша несие беру тәжірбиесі бар. Алғашқы өтінімдер Астанада қабылданды. Енді жобаға Шымкентте қосылды. Бүгіннен бастап Шымкент тұрғындары мен қонақтары Тұран тұрғын үй кешеніндегі 40 пәтердің кез келгенін таңдап несиеге өтінім бере алады деп атып өтті
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Шымкент қаласында құтқарушылар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету, кәсіби әлеуетін арттыру және материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірқатар маңызды жобалар жүзеге...