Шымкент қаласында Республика күніне орай Жайдарман ойындары өтті. Өнер додасының 1/4 ширек финалында 4 команда өнер көрсетіп, өткір әзілдерімен көрерменнің жүрегіне жол тапты.
Қоғамда көрініс тапқан оқиғалар мен түйіткілді мәселелерді астарлы әзіл арқылы жеткізуге тырысқан командалар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Қағытпа қалжың төрелерінің басын қосқан сахна төрінде бас-аяғы 8 құрама бақ сынады. Республика күніне орай өткен ойынның негізгі мақсаты жастардың интеллектуалды ойлау қабілетін арттырып, оларды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеру және жастар арасында мемлекеттік тіл мәселесін көтеру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кіл мықтылардан құралған команда құрамы өмірде көрініс тапқан түйінді мәселелерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізу арқылы қоғамға ой салып отыр.
Әділқазылар қатарында «Нысана» театрының актері, белгілі жайдарманшы Абай Аязбаев, әнші Әділет Жауғашар, Шымкент қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы Мағжан Исақов, 2017-2018 жылдардағы жайдарман ойынының жоғары лига чемпиондары Нұрсұлтан Үсенов пен Ұлан Мықтыбек төрелік етті. Ойын нәтижесі бойынша 7 команда келесі кезеңге жодама алды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жайдарман филиалының ұйымдастыру алқасының шешімімен жартылай финалда өнер көрсететін қосымша сегізінші команда алдағы уақытта белгілі болады